Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өскеменде жаңажылдық корпоративтің орнына спорттық сайыс өтті

kaz.365info.kz

Өскеменде жаңажылдық корпоративтің орнына спорттық сайыс өтті

Тартысты өткен ойындар қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әкімдігі жеңімпаз атанды. Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер жаңажылдық корпоративтің орнына спорттық сайыстарда бақ сынасты.

«ALTAI SPORT FEST-2025» ойындарында өңірдің мемлекеттік қызметшілері өз отбасыларымен бірге түрлі ойындарда бақ сынасты. Атап айтқанда, оған қала, аудан әкімдіктерінің, департаменттер мен басқармалардың қызметкерлері қатысты. Осылайша, олар жаңажылдық корпоративті дастарқан басында емес, спорт алаңында өткізді.

«Биыл 11 жастағы ұлыммен келдім. Өзім көпбалалы анамын. Сайыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жаңа жылды осылай салауатты өмір салтын ұстанып, әріптестеріміздің ортасында көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып жатқанымыздың тәрбиелік мәні де өте зор», – деді Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әдемі Ешмұханбетова.

Тартысты өткен ойындар қорытындысы бойынша Өскемен қаласының әкімдігі жеңімпаз атанды. Ал Глубокое ауданы әкімдігі екінші орын алса, Зайсан ауданы әкімдігі үздік үштікті түйіндеді. Үздік деп танылғандарға бағалы сыйлықтар берілді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 желтоқсан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар