Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Душанбеде Озоди радиосы мен "Настоящее Время" тілшілеріне шабуыл жасалды

azattyq.org

Душанбеде Озоди радиосы мен Настоящее Время тілшілеріне шабуыл жасалды

Тәжікстан астанасында белгісіз біреулер Озоди радиосы мен "Настоящее Время" телеарнасының тілшілеріне шабуылдап, олардың жұмыс техникасын, ұялы телефондарын тартып алды.Оқиға 17 тамызда болған. Мұның алдында ғана тілшілер Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы азаматтық белсенді Ульфатхоним Мамадшоевамен сөйлескен. Қарапайым киінген адамдар Анушервон Ариповті, Насим Исамовты, Муллораджаб Юсуфзода мен Барот Юсуфиді автокөліктен күшпен алып шыққан. Олар тілшілердің жұмыс техникасын, ұялы телефондарын тартып алған.Тәжікстан ішкі істер министрлігі 17 мамырда Ульфатхоним Мамадшоеваның үстінен "заңсыз митинг ұйымдастырды" деген айыппен іс қозғады.Белгісіз адамдар Муллораджаб Юсуфзоданың басынан, кеудесінен бірнеше мәрте ұрған. Кім екендеріңді айтыңдар деген өтінішке олар жауап бермеген."Бүгін түскі сағат екіде Ульфатхонум Мамадшоевамен оның Душанбедегі үйінің маңында сөйлестік. Ол үйіне кеткенде біз автокөлікке қарай беттедік. Бізге қарапайым киінген екі адам шабуылдады. Олар мені, операторды ұрды, жұмыс техникасын, ұялы телефондарды тартып алды. Біреуі "Муллораджаб, Құдай біледі, сені атып тастаймын" деп қорқытты", - дейді Муллораджаб Юсуфзода.Анушервон Ариповтың айтуынша, "Настоящее Время" телеарнасының түсіру тобына да дәл осындай шабуыл жасалған.Осыған дейін "Азия-Плюс" агенттігі Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы оқиғадан ақпарат таратқаны үшін биліктен қысым көріп жатқанын хабарлаған. Журналистер агенттікті жабу қаупі төнгендіктен аталған облысқа барудан бас тартқан. Халықаралық "Шекарасыз тілшілер" үкіметтік емес ұйымының баспасөз еркіндігі рейтингісінде Тәжікстан әлемнің 180 елінің ішінде 152-орында тұр. Орталық Азияда Түркіменстанда (177-орын) ғана жағдай одан нашар.Негізінен памирлықтар және қырғыздар тұратын Таулы Бадахшан облысында наразылық акциясы 14 мамырда басталған. Тұрғындар облыс пен облыс орталығы Хорог қаласының басшыларын отставкаға жіберуді, барлық блокбекеттерді алып тастауды, тұрғындарды қуғындауды доғаруды талап еткен. Билік мұны орындаудан бас тартқаннан кейін 16 мамырда күштік құрылымдар жиналғандарды жас ағызатын газ және резеңке оқпен атқан. Наразылық кезінде бір адам қаза болды, үш адам жараланды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024