Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Кешірілмесін": Меруерт Түсіпбаева атышулы "Ирина Кайратовна" тобына қатысты айтты

paryz.kz

Кешірілмесін: Меруерт Түсіпбаева атышулы Ирина Кайратовна тобына қатысты айтты

Меруерт Түсіпбаева аталмыш әншілерді жауапкершілікке тарту керектігін жеткізді. Ол орын алған даулы жағдай туралы өз ойын Instagram парақшасында айтқан. "Киелі көк туымызды уқалап қол орамал қылды-ау. Аяққа таптап. Генадий Головкин ұлты өзге болса да, рингте ұлттық шапан киіп, көк туымызды желбіретіп, талай көзімізге жас келтіріп, жүрегімізді тебірентіп еді! Көк ту - мемлекеттік рәміз! Оны қорлауға жол жоқ! Заң бар. Бұл кім өзі? Аспандағы жұлдыз болса да, жауапқа тартылуы керек! Видеомен кешірім сұрағандар кешірілмесін", - деп жазды ол. Еске сала кетсек, бұған дейін 25 мамыр күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ сарайында өткен концертте "Ирина Кайратовна" тобы мен Shiza сахнада ерсі әрекеттерге бой алдырып, микрофонға бейәдеп сөздер айтып, бірі мемлекеттік туды халыққа лақтырып жібермек болғанын жазған едік. Болған жайтқа қатысты мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин пікір білдіріп, туды немесе басқа да рәміздерді қорлағандарға жауапкершілік қарастырылғанын айтты. Оған қоса, "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Алматыдағы концертте болған жағдай үшін кешірім сұрады. Тағы оқыңыздар: Сахнада "ішіп алып" ән айтқан рэперлердің концерті Түркістанда өтпейтін болды Ирина Кайратовна тобының мүшесі "сәтсіз" концерт үшін кешірім сұрады
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024