Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Той үстінде қалыңдығын ұрған күйеу жігітті Өзбекстан соты жауапқа тартпады

azattyq.org

Той үстінде қалыңдығын ұрған күйеу жігітті Өзбекстан соты жауапқа тартпады

Өзбекстанның Сурхандария облысындағы үйлену той үстінде қалыңдығын ұрған күйеу жігіт жазаланбайды. Қалыңдық күйеуінің үстінен арыз жазбағандықтан сот әкімшілік шара қолданбаған.Сурхандария облысындағы Ұзын ауданында өткен той үстінде қалыңдығын ұрған күйеу жігіт кешірім сұрап, енді қайталамауға уәде берген. "Қалыңдықтың анасы күйеу баласының кешірім сұрағанын растады" дейді Mening Yurtim телеарнасы."Өзімді ұстай алмай, қол сілтедім. Оған қарамастан тойымыз жалғасты. Қалыңдығымнан кешірім сұрадым, мұнан кейін қайталамаймын", – дейді күйеу жігіт.Телесюжетте жас жұбайлар бір жыл бұрын некелескені сөз болған. Биыл 10 мамырда азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне өтініш берген, 15 мамырдағы неке туралы куәлік алған.Әлеуметтік желіде тараған видеода төрде тұрған күйеу жігіттің қалыңдығына жұдырық сілтегені, сонан соң бір әйел қалыңдықты алып кеткені көрінеді. Ол әйел қалыңдықтың анасы болып шыққан. Теларанаға берген сұқбатында анасы туған-туыстары кешірім сұраған соң той жалғасқанын айтқан. Анасы қызына телефон соққан, қызы жағдайының жақсы екенін айтқан.Аудандық құқық қорғау органы күйеу жігіттің үстінен Қылмыстық кодекстің "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша іс қозғаған. Алайда қалыңдықтың жәбірленуші ретінде шағым түсірмегеніне байланысты сот күйеу жігітке әкімшілік шара қолданбаған.Той үстінде қалыңдығын ұрған күйеу жігіт туралы видео әлеуметтік желіде және шетел ақпарат құралдарында жиі тарап, резонанс туғызған. Бұл жөнінде немістің Bild басылым жазып, Кореяның JTBC телеарнасы эфирге шығарған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024