Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ-та демалыс күндері 10 өңірде жаппай атыс болды

alashainasy.kz

АҚШ-та демалыс күндері 10 өңірде жаппай атыс болды

АҚШ-та демалыс күндері болған жаппай атыс салдарынан жеті адам қаза тауып, 46 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News басылымына сілтеме жасап. Қару қолданылған зорлық-зомбылық мұрағатының мәліметінше, жұмадан жексенбіге дейін АҚШ-та кем дегенде 10 жаппай атыс болған. 24 маусымда Вирджиния штатының Хоупэлл қаласында атыс болып, екі жасөспірім қаза тауып, екеуі жарақат алды. Тергеу жүріп жатыр, қамауға алынғандар туралы хабарланған жоқ. 25 маусымда Нью-Йорктегі Бруклиннің Бедфорд-Стюйвезант ауданында төрт адам, оның ішінде бір балаға оқ тиген. Оқиға тұрғын үйдің маңында кәуап пісіру кезінде болған. Скутер мінген қарулы екі адам келіп, адамдарға оқ жаудырған. Полиция күдіктілерді іздеп жатыр. 25 маусым күні Хьюстонда (Техас штаты) кәмелет жасқа толмаған төрт бала зардап шекті, оның екеуі қайтыс болды. Оқиға жалпы саны 10-ға жуық адам жиналған екі топ жастар арасындағы жанжалдан туындаған. Ешкім ұсталған жоқ. 25 маусымда Миннесота штатының Миннеаполис қаласының орталығындағы Стоун-Арч көпірінің жанында жаппай төбелес кезінде төрт адам, оның ішінде үш жасөспірім оққа ұшты. Оқиға куәгерлері оқ жаудырған күдікті оқиға орнынан көлікке мініп қашып кеткенін айтты. Ұсталғандар туралы хабарланған жоқ. Ал 26 маусымда Техас штатының Сан-Антонио қаласындағы «Манхэттен» түнгі клубының тұрағында атыс болып, салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі жараланды. Полицияның мәліметінше, тәртіпсіздік әуелі түнгі клуб ішінде басталған. Қалалық полиция атыс оқиғасын тексеріп жатыр. Маусымның 26-сы күні Джорджия штатының Блейкли қаласындағы халық тығыз орналасқан түнгі клуб пен қоғамдық тамақтану ауданында атыс болып, бір адам қаза тауып, алтауы жараланды. Атысқа не себеп болғаны анықталып жатыр, ұсталғандар жоқ. 26 маусымда Нью-Джерси штатына қарасты Патерсон қаласының көшесінде атыс салдарынан 5 адам зардап шекті, оның ішінде үш жасөспірім бар. Қылмыстың себебі анықталуда. Қамауға алынғандар жоқ. 26 маусымда Вашингтон штатының Такома қаласында сегіз адам зардап шекті. Полицейлердің айтуынша, мекеменің артындағы аллеяда туындаған жанжал кезінде оқтың даусы шыққан. Зардап шеккендердің бәрі өміріне қауіп төндірмейтін жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Ешкім қамауға алынған жоқ. 26 маусымда Техас штатының Вайнона қаласында бір топ адам арасындағы атыс салдарынан бес адам зардап шекті, олардың біреуінің жағдайы ауыр. Тергеу барысында атыс кең жайылымда болған шараның концерттік сахнасы маңындағы төбелестен басталғаны анықталды. Алғашқы атыстан кейін топтардың кейбірі жүгіріп барып, кіре берістегі күзетшілерге тапсырған қаруын алды. Кейін екінші атыс болды. 26 маусымда Вирджиния штатының Сатерлин қаласында 100-ден астам адам қатысқан сауық кешінде атыс болып, салдарынан бір адам қаза тауып, жетеуі жараланды. Атыстың себебі әлі анықталуда. Қамауға алынғандар жоқ. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024