Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда тағы бір базар өртеніп кетті (ВИДЕО)

turkystan.kz

Алматыда тағы бір базар өртеніп кетті (ВИДЕО)

Бүгін түнгі сағат 03:00-де Алатау ауданындағы «Бақорда» базарының аумағында орналасқан құрылыс сататын сауда нүктесі өртенді деп хабарлады turkystan.kz. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, түнгі 03:10 шамасында өрт сөндіру бригадасы «Бақорда» базары аумағында орналасқан құрылыс заттарын сататын сауда орнына жоғары ранг бойынша шықты. «Оқиға орнына 8 минутта келген өрт сөндірушілер шатыр астына қатарлап кесілген ағаш материалдарының ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын «Бақорда» сауда орталығына таралу қаупі туындады. Дереу өрт орнында жедел штабтың жұмысы басталды, өнімділігі жоғары өрт оқпандары енгізілді, өрт автопоезі іске қосылып, сондай – ақ үйінділерді алып тастау үшін құтқару қызметінің ауыр-шынжыр табанды техникасы тартылды»,- деп хабапрлады департаменттен. Қабылданған жедел шаралармен қызыл жалын бір сағат ішінде оқшауланып, жалпы ауданы 2 мың шаршы метрді шарпыған өрт таңғы 06:35-те толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. 
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024