Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ҚР СІМ Өзбекстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

alashainasy.kz

ҚР СІМ Өзбекстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

ҚР СІМ Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі ведосмствоға сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. «Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет, сенімді одақтас және стратегиялық серіктес. Сондықтан Қазақстанда соңғы күндері Өзбекстан Республикасында орын алған оқиғаларды алаңдаушылықпен қабылдады.Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімдерін құптаймыз әрі қолдаймыз. Бауырлас Өзбекстанда аса маңызды саяси оқиға – Конституцияға түзетулер жөніндегі референдум қарсаңында – бейбітшілік пен тыныштық орнығатынына сенімдіміз. Қазақстан Өзбекстамен 1998 жылғы 31 қазандағы Мәңгілік достық туралы Шарт, 2013 жылғы 14 маусымдағы Стратегиялық әріптестік туралы Шарт және 2021 жылғы 6 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы декларация рухындағы көпсалалы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бағытына бекем», делінген ресми мәлімдемеде. Айта кетсек, Қарақалпақстанда 2 тамызға дейін төтенше жағдай жарияланды. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 шілде 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар