Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы жөнінде пессимистік болжамға негіз жоқ

turkystan.kz

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы жөнінде пессимистік болжамға негіз жоқ

Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтың болашағы туралы пессимистік болжамдар айтуға ешқандай негіз жоқ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Сочи қаласындағы сапары аясында өткен Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуде осындай пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Геосаяси ахуалдың ерекшелігі сағаттарымызды салыстырып, тексеруді қажет екенін меңзейді. Бәлкім Үкіметтерге қосымша тапсырма беру керек болатын шығар. Олар бір-бірімен табысты жұмыс істеп, өзара әрекет етіп жатыр. Сонда да өмір шешімін табуды қажет ететін жаңа міндеттер қойып отыр. Жалпы арадағы серіктестіктің дамуына қанағаттануға барлық негіз бар. Бұл тұрғыда сізбен келісемін. Бізді әлемдегі ең ұзын құрлықтық толық шегенделген шекара біріктіріп тұр. Сондықтан, әрине, болашағымызға қатысты пессимистік болжам айтуға ешқандай негіз жоқ», – деді Мемлекет басшысы. Президент сондай-ақ екі арадағы жан-жақты ынтымақты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. «Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретінде бүкіл саладағы көпжақты әріптестігімізге қосымша серпін беруге ынталымын»,- деді деді Қазақстан басшысы. Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Сочи қаласына барды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024