Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тәліптер Өзбекстан мен Тәжікстаннан тікұшақтарды қайтаруды тағы талап етті

azattyq.org

Тәліптер Өзбекстан мен Тәжікстаннан тікұшақтарды қайтаруды тағы талап етті

"Талибан" қозғалысының өкілдері Өзбекстан мен Тәжікстаннан былтыр Ауғанстаннан қашып кеткен әскери қызметкерлер қалдырып кеткен тікұшақтарды тағы қайтаруды талап етті. Бұл туралы TOLO news хабарлады.Ақпаратқа қарағанда, тәліптер құрған үкіметтің қорғаныс министрі Мұхаммед Мужахид аталған екі мемлекетте МИ-17 тікұшақтары бар екенін, оны қайтаратын уақыт жеткенін айтты. Ол мұның бәрі "ауғандардың меншігі" екенін мәлімдеді."Тікұшақтарды Ауғанстанға қайтаруға америкалықтар рұқсат бермей жатыр дейді. Біз америкалықтармен сөйлестік. Олар техника ауған еліне тиесілі екенін, ешкімнің меншігі емес екенін айтты. Бұл мүліктің бәрі Ауғанстанға қайтарылуы керек", - деді тәліптердің министрі.Тәліп үкіметі қаңтар айында үндеу жасап, Ташкент пен Душанбені тікұшақтарды қайтарып беруге шақырған. Сол кездегі қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Мәулави Мұхаммед Жақып "егер ұшақтар қайтарылмаса, салдары болатынын" ескерткен.Душанбе мен Ташкент ешқандай жауап қайтармады. Бірқатар басылымдар Тәжікстан мен Өзбекстанның АҚШ-қа қайырылып, тікұшақтардың өзінде қалуын сұрағанын жазған. Сонымен бірге АҚШ қорғаныс министрлігі тікұшақтар тәліптерге қайтарылмауы тиіс деп айтқанын да хабарлаған.2021 жылдың 15 тамызында "Талибан" қозғалысы Өзбекстандағы билікті басып алған кезде, ондаған ауған әскері тікұшақтармен көрші елдерге қашып үлгерген. Тәліптер кейін Тәжікстан мен Өзбекстанға 40 тікұшақ шығарылғанын мәлімдеген. Тікұшақтардың денін АҚШ Ауғанстанға бұрынғы билік тұсында берген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024