Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Бұл да сау сиырдың жапасы емес": Айгүл Орынбек ресейліктерді жұмыспен қамтуға тапсырма берген Смайыловты сынға алды

kaz.caravan.kz

Бұл да сау сиырдың жапасы емес: Айгүл Орынбек ресейліктерді жұмыспен қамтуға тапсырма берген Смайыловты сынға алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Айгүл Орынбектің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. "Өз ұлтымыздың мәртебесін көтеретін уақыт келді. Ия, біз толерантты көзқарастағы елміз, бірақ өз салт- дәстүрміз бар тәуелсіз мемлекетпіз! Арабтар сияқты байлықта шалқып өмір сүрмесекте, Арабтар сияқты өзімізді сыйлататын уақыт келді! Көп ұлтты мемлекет болғанмен, мемлекеттің басты ұлты Қазақтар! Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Қазақтардың мәртебесі мен құқығының қорғалуы болу керек еді!!! Қаншама күн үнсіз отырып, енді келіп Ресейліктердің жағдайын жасайық деген не сөз мынау?! -Халқыңыз көшеде қалып, арамтамақтар үйлерін Ресейліктер үшін босатып беріп жатқанда үнсіз отырып….. -Ресейліктерді жұмыспен қамтуға тапсырма бергенше, құл базарда жұмыссыз жүрген өз халқыңызды жұмыспен қамтып алмайсыз ба Смайылов мырза?! -“Қайта келген қонақтар, өз ұлтымызды қорлап, жергілікті тәртіпті бұзып, ұлтараздық провокациялар туыдырып жатса, оларға заңды қатаңдатып, жазалаңдар!”-деп неге тапсырма бермейсіз Смайылов мырза? ЕАЭО заңнамасынан біздің Конституция, яғни, оның бірінші бабының, бірінші тармақшасы биік тұру керек! Бұл мемлекетті адамдар, яғни, осы жерде туылған біздер құраймыз! Ең бірінші, біздің жағдайымыз жасалып, біздің құқығымыз қорғалу керек!", деп жазды. "Бұндай билік отставкаға кету керек", "Смайлов келгелі оңып жатқан ештеіе жоқ. Отставкаға талап ету керек! Орысқұлды!", "Білдей ҚР ның премьер министрі өзі осылай айтып отырса Алла жар болсын дегім келеді.Бұл өзі таза қазақша сөйлей алмайды. Санасы орысша болған соң, оларды жұмысқа кіргізбей қайтсын. Ұят енді,мынау. Осылай,айтқаны үшін отставкаға кетсін. Қай сау адам,бұлай айтады. Бұл да сау сиырдың жапасы емес", деп жазды оқырмандар.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024