Ресми ақпарат

zhambylnews.kz

Ресми ақпарат

Бүгін таңертең Тараз қаласындағы «Береке» базарында орын алған өрт оқиғасына қатысты облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы өрттен болған шығын мен салдарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Зардап шеккен сауда нысан иелеріне заң аясында қолдаулар мен көмектер көрсетілетін болады. Жауапты органдар және тиісті мамандармен жану оқиғасының себебі анықталуда. Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккен адамдар жоқ. Бұл орайдағы барлық шаралар облыс әкімінің жеке бақылауында. Айта кетейік, ағымды жылдың 30 қыркүйегінде, сағат 07:52 шамасында Тараз қаласындағы “Береке» базарының аумағындағы өрт оқиғасы тіркеліп, тілсіз жау жалпы 600 шаршы метр (асхана, пластиктен жасалған 22 сауда нысаны және 4 контейнер) аумақты қамтыған. Өрт сағат 08:30-да оқшауланып, 09:04-те толығымен өшірілді. Жалынды сөндіруге 56 төтенше жағдай қызметкері мен 13 техника жұмылдырылған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 желтоқсан 2022