Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Telegraph: "Талибан" Катардағы чемпионатқа қажет нысандарды салу кезінде ақша тапқан

azattyq.org

Telegraph: Талибан Катардағы чемпионатқа қажет нысандарды салу кезінде ақша тапқан

Ауғанстан билігінде отырған "Талибан" радикалды қозғалыс өкілдері Катарда футболдан әлем чемпионатына қажет инфрақұрылым нысандарын салу кезінде техника тасыған. Бұл жөнінде Катар астанасы Дохадағы "Талибан" өкілдігіндегі дереккөзге сүйенген британдық The Telegraph басылымы жазды.Катарда тұратын "Талибанның" жоғары лауазымды өкілдері жабдықтар сатып алып, оларды әлем чемпионатына қажет нысандар салған компанияларға арендаға берген. Осылайша миллиондаған доллар табыс тапқан деп айтылады. Бір техниканы жалға беру құны айына 10 мың долларға дейін жеткен, кейбір тәліптер 10 жабдыққа дейін сатып алған.Басылымның жазуынша, "Талибанға" жабдықтарды сатып алуға Катар билігі жанама түрде көмектескен, Доха осылайша АҚШ пен тәліптердің бейбіт келіссөзіне оң ықпал ете аламыз деп үміттенген. Ақпаратқа қарағанда, Катар билігінің "Талибанға" төлемі БҰҰ келісімімен жүзеге асырылған, соған қарағанда Доха заң жүзінде ешқандай ереже бұзбаған деп жазды басылым."Талибан" өкілдері The Telegraph басылымына Катардағы нысандарды салуға қатысқанын мойындамады. ФИФА мақалаға түсініктеме бермеді.Әлем чемпионатына дайындық кезеңінде жемқорлыққа қатысты даулар туындады. Бұған қоса, мигранттар еңбегін қанау, еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы, соның салдарынан жұмысшылардың құрылыс алаңында қаза табуы сияқты адам құқығын бұзу жайттары айтылды. Құқық қорғаушылар заңбұзушылықтарға байланысты ФИФА-ның чемпионатты Катарда өткізу шешімін сынаған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024