Түркістан облысында шенеуніктер пара алды деген күдікке ілінді

alashainasy.kz

Түркістан облысында шенеуніктер пара алды деген күдікке ілінді

Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының 4 лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар сыбайлас жемқорлық қылмыстар тізбегі бойынша күдікті.Соттың санкциясымен басшының, оның орынбасарларының және бөлім бастығының үйінде, жұмыс орнында және қызметтік көлігінде тінту жұмыстары жүргізілді. Анықталғанын Түркістан облысының соты тергеу құпиясына сілтеме жасай отырып, нақтыламады.

Әсет Серікбаев, Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы: «Түркістан облысы сотының рұқсатымен заңсыз әрекеттер фактісі бойынша Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының лауазымды тұлғаларының үйлеріне, кеңселеріне және автокөліктеріне тінту жүргізілді. Қылмыстық іс Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бақылауында. Тінту жұмыстары Түркістан қаласында Ж.М, Н.Н, Б.Д.-ның пәтерлеріне жүргізілді. Сондай-ақ, Түркістан облысы әкімдігінде Н, Н., А, Б., А. Д. кабинеттерінде тінту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Н.Н-тың «Ниссан Альмера» қызметтік автокөлігінде, Б.Д.-ның «TOYOTА CAMRY» қызметтік автокөлігінде тексеру жүргізілді».

Қазір бұл істер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

kz.otyrar.kz

Тектес:

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 ақпан 2023