Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ барлау қызметі: Биыл Украинаның көп жерін басып алуға Ресейдің шамасы жетпейді

azattyq.org

АҚШ барлау қызметі: Биыл Украинаның көп жерін басып алуға Ресейдің шамасы жетпейді

Биыл Украинаның көп жерін басып алуға Ресейдің шамасы жетпейді, бір жылдан астам уақытқа созылған соғыстан кейін есеңгіреген Ресей ойдағыдай қалыпқа келе алмайды. 8 наурызда АҚШ сенатындағы тыңдау кезінде АҚШ барлау қызметінің директоры Эврил Хэйнс осылай деп мәлімдеді. Ол Америка барлау қызметінің 8 наурызда жариялаған ғаламдық қауіп-қатер туралы баяндамасына түсініктеме берген.Хэйнстің айтуынша, Ресей билігі соғыста жетістік болмағанына қатты бас қатырмайды. Америка барлаушыларының пікірінше, Ресей президенті Владимир Путин Украинада ұзақ соғысуға бекінген, ол Мәскеудің Украинадағы стратегиялық мүддесін қамтамасыз етудің ең дұрыс амалы осы деп есептейді.Хэйнстің сөзіне қарағанда, егер Ресей қайтадан мобилизация жарияламаса немесе үшінші елдерден өзіне қажет қару-жарақ, оқ-дәрі ала алмаса, стратегиялық қорғаныспен шектелуі мүмкін, яғни бұған дейін басып алған жерлерін ұстап қалуға күш салып, жақын арада жаңа жер басып алуға ұмтылмайды.Қазір ұрыс алаңында Ресей әскері басым түсіп жатқан жоқ, тек Донецк облысында Бахмут қаласын алуға күш салып отыр.Америка барлау қызметінің бағалауынша, егер Ресей әскері Украинада ірі жеңіліске ұшыраса, мұның соңы Владимир Путин режимінің күйреуімен аяқталуы мүмкін. Сондықтан Путин өз позициясын сақтап қалуға күш салып жатыр.АҚШ барлау қызметінің пікірінше, қазір Ресей АҚШ-пен және НАТО-мен тікелей қақтығысуға талпынбайды, алайда Украинадағы соғысқа байланысты мұндай қауіп зорайған.Хэйнс сонымен бірге халықаралық қауымдастық Ресейдің Украинаға басып кіруін айыптаса да, Қытай Мәскеумен тығыз қарым-қатынас орнатып отырғанын да атап өтті. Дегенмен Пекин Мәскеуді ашық қолдамайды. Ол Қытай Ресейге қару-жарақ беруі мүмкін деген болжамға қатысты пікірін айтқан жоқ. Осыған дейін бұл жөнінде Батыс саясаткерлері мен ақпарат құралдары жазған. Пекин қару-жарақ бермейтінін айтқан.Америка барлау қызметінің пікірінше, Қытай халықаралық аренада АҚШ-тың басты қарсыласы болып қала береді және Пекиннің Мәскеумен әріптестіктен бас тартпауын АҚШ-пен текетіресінің бір бөлігі ретінде қарастыруға болады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024