Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей Украинаға кезекті шабуылын Брянскідегі "теракт үшін есе қайтару" деп атады

azattyq.org

Ресей Украинаға кезекті шабуылын Брянскідегі теракт үшін есе қайтару деп атады

Ресей қорғаныс министрлігі Украинаға кезекті зымыран шабуылын Брянск облысындағы "теракт үшін есе қайтару" деп атады. 9 наурыз күнгі орыс әскерінің шабуылы салдарынан Украинада кемінде алты бейбіт тұрғын опат болған.Ресей қорғаныс министрлігі 9 наурыз күнгі хабарламасында Украинаның "маңызды әскери инфрақұрылым элементтерін ғана" атқылағанын айтқан.Ресей ведомствосының айтуынша, соққы нәтижесінде "дрондар орналасқан орындар жойылған", шетел қару-жарағын тасымалдауға кедергі жасалған, бұған қоса, әскери техника жөндейтін және оқ-дәрі шығаратын кәсіпорындардың жұмысы тоқтаған.Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Twitter-де ресейлік ракеталардың "әскери мақсаты болмағанын" жазып, шабуылды "орыстардың жабайылығы" деп атады.9 наурызға қараған түні және бейсенбі күні таңертең орыс әскері Украинаның тоғыз облысын зымыранмен атқылаған. Украина қарулы күштерінің айтуынша, орыстар Украинаның аймақтарын Ту-95 стратегиялық ұшақтарымен (10 ұшақ), алысқа ұшатын Ту-22М3 (7 ұшақ), Су-35 жойғыш ұшақтарымен (сегіз ұшақ), МиГ-31К ұшақтарымен (алты ұшақ) және Қара теңіздегі үш зымыран тасығышпен атқылаған.Украинаға жалпы саны 81 ракета тасталған. Арасында алты гипердыбыстық "Кинжал" ракетасы да бар. Украина әуе шабуылынан қорғайтын жүйесі 48 қанатты ракетаның 34-ін атып түсірген. Украина қарулы күштерінің мәліметінше, оларда әзірше Х-22, Х-47 "Кинжал" және С-300 ракеталарын жоя алатын құралдар жоқ.Украина премьер-министрі Денис Шмыгальдің айтуынша, орыс әскерінің зымыран соққысынан Киев, Харьков, Хмельницкий, Житомир, Одесса, Днепропетровск, Кировоград, Ивано-Франковск және Львов облыстарында тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандары қираған.Әзірге толық емес мәлімет бойынша, алты бейбіт тұрғын қаза болған.2 наурызда Ресейдің Украинамен шектесетін Брянск облысында екі ауыл бірнеше сағат бойы қарулы отрядтардың бақылауында болған еді. Оқиғаны Орыс еріктілер корпусы мойнына алған. Ресей билігі шабуылды "украиналық диверсия топтары жасады" деп мәлімдеген. Ал Киев мұны жоққа шығарып, Ресейдің өз ішіндегі "ішкі тартыс" деп атаған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 мамыр 2024