Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Навальный" фильмі үздік деректі кино ретінде "Оскар"сыйлығын алды

azattyq.org

Навальный фильмі үздік деректі кино ретінде Оскарсыйлығын алды

CNN Films пен HBO Max стриминг сервисінің тапсырысымен Канада режиссері Дэниель Роэр түсірген "Навальный" деректі фильмі Америка киноакадемиясының "Оскар" сыйлығын алды. Салтанатты рәсім дүйсенбіге қараған түні, 13 наурызда өтті.Награданы режиссермен бірге Алексей Навальныйдың әйелі Юлия, қызы мен ұлы – Дарья және Захар алды. "Долби" театрының сахнасында тұрып Юлия: "Менің күйеуім шындықты айтқаны үшін түрмеде отыр" деді.Режиссер Навальныйдың отбасына және Bellingcat зерттеушісі Христо Грозев пен "ФБК" зертттеушісі Марию Певчихқа алғыс айтып, "Сіздерге рақмет, бүкіл әлем сіздермен бірге" деді."Навальный" фильмі 2020 жылы тамызда саясаткердің Томскіде уланған кезінен бастап, Еуропада емделгенін, кейін Ресейге оралғанына дейін баяндайды.Бұған дейін картина Британияның кино өнері саласындағы жоғары сыйлығы – BAFTA киноакадемиясы жүлдесінің лауреаты болған.Ресйге оралғаннан кейін көп жылға сотталған Навальный қазір Владимирск облысындағы колонияда қамауда отыр. Оның үстінен тағы да бірнеше қылмыстық іс қозғалған, бұл істер бойынша оны түрмеге қамау мерзімі ұзара беруі мүмкін.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024