Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мобилизацияланғандардың туыстары Ресей солдаттарын жалдамалылар сатып алып жатқанын айтты

azattyq.org

Мобилизацияланғандардың туыстары Ресей солдаттарын жалдамалылар сатып алып жатқанын айтты

Ресейдің Кемерово облысынан, Алтай аймағынан және Хакасиядан мобилизациямен әскерге алынғандардың туыстары президент Владимир Путин мен қорғаныс министрі Сергей Шойгуға видеоүндеу жолдады. "Олар еш дайындықсыз және басшылықсыз Бахмут қаласындағы алғы шепке жіберілген солдаттарды қайтаруды сұрады" деп жазады "Сибирь.Реалии".YouTube-арна арқылы жолданған үндеу авторлары 2022 жылы қыркүйекте мобилизациямен әскерге алынғандарды Омбы полигонына дайындыққа әкеткенін айтады. Бірақ, туыстарының айтуынша, оларды әскери дайындықтан өткізбеген, қару қолдануды үйретпеген. Аннексияланған Қырымға қараша айында әкеткен, наурызда Керчь қаласындағы полигонда бір апта ғана болған.Мобилизациямен әскерге алынған 501 адамды 5 сәуірде Украинаның Луганск облысына апарған. Ол жерде "Вагнер" жалдамалылар компаниясы қабылдап алып, 10 сәуірде Донецк облысына апарған, әрі қарай "Ардагерлер" диверсиялық шабуылдау бригадасына берген."Жігіттеріміздің әрбірін "Вагнер" 25 мың рубльге сатып алған, сондықтан қайда жөнелтсе де, өздері біледі" дейді туыстары.Мобилизацияланғандарды 19 сәуірден кейін ұрыс қимылдарына қосқан, әскери басшылықсыз, нақты нұсқаусыз, байланыс құралдарынсыз алғы шепке жіберген. Ол жерде үлкен шығынға ұшыраған. Туыстарымен байланысқа шығудың ретін тапқандардың сөзінше, 501 адамның 130-ы ғана әзірге аман-есен.2022 жылдың күзінде Ресейде ішанара мобилизация жүрген. Ресей билігі бастапқыда халықты әскери тәжірибесі барлар ғана шақырылады деп жұбатқан. Әскерге алынғандар жағдай жасалмағаны, құрал-жабдық жоқтығы, басшылық зорлық-зомбылық жасайтыны жөнінде әлденеше рет шағымданған. БАҚ олардың арасында шығын өте көп екенін жазған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024