Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда «Жасыл ел» аясында 2 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылады

inform.kz

 Алматыда «Жасыл ел» аясында 2 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылады

 Алматыда «Жасыл ел» уақытша маусымдық жұмысқа орналастыру жобасының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматының орталық мәдениет және демалыс саябағында өткен салтанатты жиынға жастар көп жиналды. «Жасыл ел» жобасы елімізде 2005 жылы бастау алды. Оның мақсаты - қаланы абаттандыру, көшеттер егу, көгалдандыру болудан бөлек, жастар арасында жұмыссыздық деңгейін азайту. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Жасыл ел» жобасының Алматы қаласы бойынша жетекшісі Зухра Иманбаева айтып берді. «Жасыл ел» жобасы аясында өткен жылы 1900 жас жұмыспен қамтылса, биыл 14-35 жас арасында 2100 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. «Жасыл ел» жобасы қалада жаз мезгілінде, яғни, маусым, шілде, тамыз айларында өтеді. «Жасыл елдің» құрамындағы әрбір жас ай сайын 70 мың теңге жалақы алады. Бүгінгі салтанатты жиынға маусым айында тіркелген жастар қатысып отыр. Олардың арасында жоғары оқу орындары, колледж студенттері мен жұмыссыз жастар бар», - деді Зухра Иманбаева.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қазан 2024