Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мәскеу үйлерінің төбесіне дрон түскен. Ресей "25-тен астам дрон шабуылдағанын" хабарлады

azattyq.org

Мәскеу үйлерінің төбесіне дрон түскен. Ресей 25-тен астам дрон шабуылдағанын хабарлады

30 мамырда таңертең Мәскеуге дрондар шабуылдаған. Бұл жөнінде қала мэрі Сергей Собянин хабарлады. Оның сөзінше, шабуылдан бірнеше ғимаратқа "аз ғана нұқсан келген".Дрон түскен екі үйдің бірнеше подъезінің тұрғындары басқа жаққа көшірілген. Қазірге дейінгі мәліметке қарағанда, сөз Жаңа Мәскеудегі Атластар және Профсоюз көшелерінің қиылысындағы үйлер туралы болып отыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Төтенше қызметтегі дерекөздерге сүйенген "РИА Новости" Профсоюз көшесіндегі 98-үйдің қасбетіне нұқсан келгенін, терезелері сынғанын жариялады."Қаланың төтенше қызметінің барлығы оқиға орнына барып, мән-жайды анықтап жатыр. Зардап шеккендер жоқ" дейді Мәскеу мэрінің хабары. Собянин кейін екі адам дәрігер көмегіне жүгінгенін хабарлады.Mash және Shot телеграм-арналары Ленин даңғылындағы үйдің 14-қабатына жарылғыш үш заты бар дрон кіргенін, бірақ олар жарылмай қалғанын хабарлады."РИА Новости" Ленин даңғылындағы дрон түскен жерден видео жариялаған. Төңіректегі көшелер жабылған.Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев Мәскеу төбесіне жақын тұста бірнеше дрон құлатылғанын хабарлады. Baza телеграм-арнасының мәліметіне қарағанда, дрондар 10-нан асады.Baza мәліметіне қарағанда, таңғы шабуылға 25-тен астам дрон қатысқан. Көбін әуе қрғанысы атып түсірген, кейбірі сымға, ағашқа ілініп қалған. Үш дрон тұрғын үйге түскен.Мамырдың 3-іне қараған түні Кремльдің Сенат сарайы күмбезінің үстінен екі дрон байқалған еді. Ресей билігі оларды арнаулы қызмет атып құлатқанын хабарлаған. Кремль оны Жеңіс күні қарсаңында Путинге жасалған қастандық деп бағалап, жауапкершілікті Украинаға артқан.Киев оны теріске шығарып, Украина әскері өз жерінде Ресеймен соғысып жатқанын, Мәскеудегі Путинге шабуыл жасамағанын мәлімдеген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қазан 2024