Алаяқтар ІІМ басшысының атынан хабарлама таратуда

Киберқылмыскерлер бұрыннан қалыптасқан схеманы қолданады. Олар адамдарды сендіру үшін түрлі уәделер беріп, белгілі тұлғалардың суреттерін пайдаланады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жолы олар хабарламаға ҚР ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің суретін тіркеген.
"Биржадан немесе брокерден ақша шығармақсыз, бірақ… Ол үшін төлем сұрай ма? Бұл өтірік. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз. Ақшаны қауіпсіз жолмен қайтару жөніндегі нұсқаулықты алыңыз", – делінген жаңа жарнаманың мәтінінде.
Stopfake.kz мамандары жарияланған хабарландыру алаяқтардың алдау схемасының ең танымал түрі екенін атап өтті. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми порталында қаражатты қауіпсіз алу жөніндегі нұсқаулық жоқ.
"Көрсетілген сілтеме бойынша өтпеңіз, ақшаңызды немесе жеке деректеріңізді жоғалтуыңыз мүмкін. Ақпаратты әрқашан ресми дереккөздерден тексеріп, желідегі бейтаныс адамдармен сөйлескенде абай болыңыз",- деп жазды сарапшылар.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
27 наурыз 2025