Ozon Қазақстан Өскемен қаласында сұрыптау орталығын іске қосты

2025 жылғы 21 мамыр — Ozon Қазақстан еліміздің шығысында логистикалық инфрақұрылымын кеңейтуде: компания Өскеменде сұрыптау орталығын ашты. Жаңа нысан Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының сатып алушылары үшін тапсырыстарды жеткізуді едәуір жеделдетіп, жергілікті сатушыларға тауарын тезірек жөнелтуге мүмкіндік береді. Жаңа сұрыптау орталығы тәулігіне 10 000 тапсырысты өңдей алады – бұл ай сайын 300 000-нан астам тапсырыс. Бұл дегеніміз, аймақ тұрғындары өз тапсырыстарын орта есеппен 2 күнге тезірек ала алады, ал жергілікті кәсіпкерлер тұтынушыларға тауарларды бүкіл ел бойынша тезірек жібере алады. Нысан тауарларды қабылдап, тапсырыстарды қалыптастырады, оларды жеткізеді, сондай-ақ қайтарымдармен жұмыс істейді. «Біз тауар мен сатып алушы арасындағы қашықтықты қысқарту үшін республика бойынша логистикалық инфрақұрылым кеңейтуді жалғастырамыз. Өскеменде сұрыптау орталығын іске қосу – бұл маркетплейс қызметтеріне өсіп келе жатқан сұранысқа берген жауабымыз. Аталған шешім жергілікті бизнеске айналымды арттыруға, ал Шығыс Қазақстан тұрғындарына өз тауарларын тезірек алуға көмектеседі», – деді Ozon Қазақстан Бас директоры Алексей Сапон. Ozon Қазақстан елімізде 2021 жылдан бастап өзінің логистикалық инфрақұрылымын дамытып келеді. Бұған дейін компанияның республикадағы логистикалық қуаттылығы Алматыдағы ең ірі қойма кешені мен сұрыптау орталығын, Астанадағы фулфилмент-орталық пен сұрыптау орталығын, сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Шымкент қалаларындағы 4 сұрыптау орталығын қамтыған болатын.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
25 мамыр 2025