«Әділет болмаса, не істерімді білмеймін»: Ақнәрдің анасы тергеудің тоқтауына алаңдаулы

Ақнәр Хамиттің анасы Гүлістан Хамит марқұм қызының өліміне қатысты тергеудің тоқтап қалғанына наразы. Ол бүгін Астанадағы Бас прокуратура ғимаратына үшінші рет келіп, істің қайта қозғалуын талап етті. Анасының айтуынша, тергеу органдары іс бойынша белсенділік танытпай отыр. Алматы полициясынан күдерін үзген ана әділдік үшін елордаға келуге мәжбүр болған. «Бүгін Бас прокуратурада Келімжанов мырзамен жолықтық. Ол істі толық қарастырып, тергеуді тереңдету бойынша шара қолданатынын айтты. Біз бұл істі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімінің 5-тармағы бойынша тергеуді талап етіп отырмыз», – деді Гүлістан Хамит. Оның айтуынша, әділетсіздікке көз жұма қарауға болмайды. «Егер енді де ешқандай нәтиже болмаса, не істерімді білмеймін. Бірақ үмітімді үзбеймін. Әділдік орнайды деп сенемін», – дейді ол.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
25 мамыр 2025