Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан мен Ресейдің СІМ өкілдері кездесті

almaty-akshamy.kz

Қазақстан мен Ресейдің СІМ өкілдері кездесті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Игорь Моргуловпен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тараптар Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) шеңберіндегі екі елдің қарым-қатынас мәселелеріне ерекше назар аударды. Азия кеңесіндегі қазақстандық тараптың қазіргі төрағалығын ескере отырып, Ә. Тұрсынов ресейлік дипломатты 2022 жылғы қазанда өтетін АӨСШК 6-шы Саммитіне дайындық барысы, оның ішінде іс-шараның күн тәртібі, оның мазмұндық және ұйымдастырушылық аспектілері туралы хабардар етті. Ресей тарапы форум қызметін жандандыру бойынша Қазақстан төрағалығымен жүргізіп жатқан жұмысты жоғары бағалап, Азия кеңесін халықаралық ұйымға айналдыруды қолдайтынын білдірді. Сонымен қатар, тараптар АӨСШК аясындағы іс-шаралар кестесін талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша дипломаттар АӨСШК 6-шы Саммитін табысты өткізу, сондай-ақ Азиядағы көпжақты форматтағы екі ел арасындағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында белсенді байланыстарды жалғастыруға келісті.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар