Украина мен Ресей бірін-бірі "ядролық бопсамен айналысып отыр" деп айыптады
Украина жеріне жасаған басқыншылығының бір жылдығы қарсаңында Ресей ядролық қарумен мейлінше кең ауқымды жаттығу жасауды көздеп отыр. Бұл ақпаратты Украина қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасы таратты. Ресей жаттығу жөнінде әзірге хабарлаған жоқ.Украина ақпаратына қарағанда, Ресей орталықтандырылған әскери "Монолит" басқармасы жүйесін тексерістен өткізіп, ең жоғары дайындыққа келтірген. Ресейдің стратегиялық ядролық қарулы күштері жерден баллистикалық зымыран, әуеден қанатты зымыран ұшыруға дайындалып жатыр.Украина барлау қызметі мұны "АҚШ президенті Байденнің 20-22 ақпанда Еуропаға сапары қарсаңында әдейі жасалып отырға бопса, сол арқылы Украинаны халықаралық деңгейде қолдауды әлсіретуді көздеп отыр" деп санайды.Ал Ресей қорғаныс министрлігі жексенбіде Украинаны "ядролық бопса жасағысы келеді" деп айыптады. Бұл айыптауға қарағанда, Украина "қауіпті радиация туғызуы мүмкін нысандардың маңына тарату үшін Еуропа елдерінің бірінен радиоактивті заттары бар контейнер" әкелген. "Сөйтіп оның жауапкершілігін Ресейге жүктегісі келеді. Мұны БҰҰ Бас ассамблеясы арнаулы комиссиясының жұмысы басталар шаққа туырлап отыр".Ресей қорғаныс министрлігі мен сыртқы істер министрлігі кейінгі жылы "жаппай қырып-жоятын қаруға қатысы бар әлдебір арандату әрекетіне жасамақшы" деп Украинаны әлденеше рет айыптаған. Бірақ іс жүзінде мұндай арандату болған емес.Ресей "Украина әскері химиялық қару қолданып, кінәсін Ресейге жабуға дайындық жасап жатыр" деген ақпарат таратқан. Былтыр қазанда Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу АҚШ пен Батыс елдерінің бірқатар қорғаныс министрліктеріне телефон соғып, "Украина өз жерінде радиоактивті заряды бар "лас бомба" жарып, Ресейді кіналамақ" деген еді. Киев мұндай жоспары жоқтығын мәлімдеген. Украинадағы ядролық нысандарды аралаған МАГАТЭ инспекторлары да "лас бомбаның" ешбір ізін таба алмаған. Өткен жылдың күзінен бастап Ресейдің ресми тұлғалары мен мемлекеттік БАҚ-тары "лас бомба" туралы болжамдарын доғарған болатын.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 27
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 26
-
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
28 шілде 2026
28 шілде 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар