Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей мен Иран санкцияға қарсы тұру жөнінде декларацияға қол қойды

azattyq.org

Ресей мен Иран санкцияға қарсы тұру жөнінде декларацияға қол қойды

Мәскеуде Ресей және Иранның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров және Хосейн Абдоллахиан санкцияға қарсы тұру және оның теріс әсерін жою жөнінде декларацияға қол қойды. Лавровтың айтуынша, құжат екі елге "заңсыз" шектеулермен күресті күшейтуге мүмкіндік береді. Оның сөзінше, "АҚШ пен одақтастары шектеулерді дипломатияға балама жасап алған".Иранға 40 жылдан бері халықаралық санкция салынып келеді.2022 жылдың ақпанына дейін Тегеран санкция салынған тұлғалар мен компаниялар саны жөнінен "көшбасшы" болған. Castellum.AI дерегінше, 2022 жылдың 22 ақпанына дейін Иранға қарсы – 3600-ден астам, Ресейге қарсы 2700 санкция күшінде болған.Украина Ресейге басып кіргеннен кейін санкция жағынан Ресей алға шықты. 2022 жылдың 22 ақпаны мен 2023 жылдың қазан аралығында Ресейге 15 200 санкция салынған, Иранға мыңнан астам шектеу қойылған.7 желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге Иран басшысы Ибрахим Раиси барады. Иран ақпарат құралдарының жазуынша, Раисидің сапары бір күнге созылады. Келіссөздің негізгі тақырыбы – Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс және Ресейдің Украинадағы соғысы. ХАМАС Еуроодақ және АҚШ-та террористік ұйым деп танылған.Бұл Раисидің президент қызметіне кіріскелі бергі Мәскеуге екінші сапары болады. Раиси Иран президенті ретінде Мәскеуге алғаш рет 2022 жылы қаңтарда сапарлаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар