Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

“Астамшылық”. Бесік тойда сәбиге нағашылары әкелген дүние ел талқысына түсті (Видео)

altyn-orda.kz

“Астамшылық”. Бесік тойда сәбиге нағашылары әкелген дүние ел талқысына түсті (Видео)

Әлеуметтік желіде қыз баланың бесік тойына деп әкелінген сыйлықтар қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Көпшілік талқысына түскен видеоны caspiantodaykz Instagram парақшасы жариялаған. Видеодан бесік тойға жиналған қонақтардың алдында сәбиге әкелінген бағалы сыйлықтар көрсетіліп жатқанын байқауға болады. Сәбиге тарту етілген сыйлықтар қатарында манеж, тамақ ішетін үстел, велосипед, балалар арбасы мен көлікке дейін бар. Сондай-ақ он түрлі аяқ киім, жылдың барлық мезгіліне арналған киім мен бір шабадан бас киім, шұлық сыйланған. “Мына жерде жас, күз, қыс, көктем, яғни, барлық жыл мезгіліне арналған бас киімі бар. Мұнда саны қанша екенін білмеймін, әйтеуір ала беріппіз. Жаңа туған кезінен бастап үш жасқа дейін киеді. Мынау шұлықтары. Ал мынау гигиеналық іш киімдері, лосина, колготкилері”, – дейді сәбидің киімін қонақтардың назарына ұсынған келіншек. Видеоны көрген желі қолданушылары сәбиге мұндай көп киім қажет еместігін айтқан. Пікір жазушылардың басым бөлігі бұл киімнің барлығын киіп үлгергенше баланың тез өсіп кететініне тоқталған. Публикация от CASPIAN TODAY KZ (@caspiantodaykz)
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 желтоқсан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар