Шымкентте 8 жыл бұрын салынған мектеп апатты жағдайда тұр

Шымкентте сегіз жыл бұрын ғана салынған мектепті мұғалімдер апатты деп тануды талап етеді. Қабырғасы қақырап, бұрышы үгілген білім ұясы қауіпті дейді ұстаздар. Сондықтан педагогтар жаңа оқу жылына дейін ғимаратта күрделі жөндеу жүргізу керек немесе басқа жаққа көшіру керек деп отыр. Жауапты басқарманың өкілдері тексеріс жұмыстарын бастағандарын жеткізді.
Шымкенттегі №125 мектептің спортзалының едені шөгіп, қабырғасы сөгіліп, құлауға шақ тұр. Мұғалімдер бір күні ғимараттың төбесі опырылып, үйінді астында қаламыз ба деп қауіптенеді.
«Қазіргі жағдайы апатты жағдайда ғой. Өйткені жарылған жерлері көбейген. Едені түсіп, қабырғасы жарылған күйде тұр. Сараптама бойынша бұл жерге бала кіруге болмайды», – деді №125 мектеп директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Өмірзақ Керімбеков.
Мұғалімдердің айтуынша, білім ошағының жалпы жағдайы мәз емес. Соған қарамастан жөндеу әлі жүргізілмеген деп отыр. Мектептің сыртынан да қабырғасында жарықшақтар пайда болғанын көруге болады.
«Біз қай кезде осы дуал құлап қалады екен, қандай бір апатты жағдай болып қалады екен деп уайыммен жүреміз. Балаларды мұнда кіргізуге болмайды. Балалардың өмір қауіпсіздігі біз үшін өте маңызды. Сабақтар сыныпта әрең өткіздік», – деді №125 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Әжібекова.
Қалалық құрылыс басқармасының өкілі бар кінәні мердігер компанияға сілтеді. Айтуынша, құрылысшылар бастаған жұмысты толық аяқтамапты. Осылайша, тиісті шара қолдануын сұрап қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына шағым түсірдік дейді.
«Ол жерде апаттық емес, күрделі жөндеуге, яғни іргетастары мен қабырғаларын күшейту қажет деп санаған. Қазі геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Геологиялық зерттеу жұмыстары анықталғаннан кейін күрделі жөндеу немесе усиление беру туралы шешім қабылданады», – деді Шымкент қалалық құрылыс басқармасының бас маманы Бақыт Тұрдиев.
Маманның айтуынша, зерттеу жұмысына бір ай уақыт кетеді. Содан кейін нақты шешімдер қабылданбақ. Яғни, мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеді не жоба қайта қаралады.
- Соңғы
- Танымал
- Шілде, 10
-
- Шілде, 09
-
-
- Шілде, 08
-
-
-
- Шілде, 06
-
- Шілде, 04
-
- Шілде, 03
-
-
-
-
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
- Маусым, 27
-
Күнделікті жаңалықтар
11 шілде 2025