Сауалнамаға қатысқандардың 79,4%-ы елдің дұрыс бағытта дамып келе жатқанын айтады
Маусым айындағы зерттеу ел дамуына қатысты бағалардың тұрақты екенін көрсетіп отыр. Бұл таңдалған бағытқа қатысты қоғамда консенсус сақталып отырғанын және әлеуметтік көңіл-күйдің орнықты болып отырғанын көрсетеді. Респонденттердің басым бөлігі (79,4%) ел дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп санайды.
Пікірлердің оң серпіні әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты да байқалады. Маусым айында респонденттердің 73,6%-ы бұл жағдайға оң баға берген. Бұл үрдіс халықтың қазіргі ахуалды қабылдауында тұрақтану үдерісі жүріп жатқанын көрсетеді.
Қоғам тарапынан берілген жоғары оң бағалар көбіне саяси, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық факторлардың жиынтығына байланысты. Олардың қатарында ЖІӨ-нің 6%-ға өсуі, жаңа инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың салынуы мен іске қосылуы, ТКШ және көлік инфрақұрылымын жөндеу мен жаңғырту жұмыстары бар.
Аталған социологиялық зерттеуді Қоғамдық саясат институты 2025 жылы 18 маусым мен 4 шілде аралығында жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 2000 қазақстандық қатысты. Сауалнама ұлттық репрезентативті іріктеме бойынша жүргізілді. Іріктеменің қателік мөлшері ±2,2%-дан аспайды.
- Соңғы
- Танымал
- Қараша, 03
-
- Қазан, 30
-
- Қазан, 29
-
- Қазан, 22
-
-
- Қазан, 21
-
- Қазан, 20
-
- Қазан, 16
-
- Қазан, 15
-
- Қазан, 14
-
-
- Қазан, 13
-
-
- Қазан, 08
-
- Қазан, 02
-
- Қазан, 01
-
-
- Қыркүйек, 30
-
Күнделікті жаңалықтар
5 қараша 2025