Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мьянма жағалауында 500-ден астам адам із-түзсіз жоғалып кетті

kz.kursiv.media

Мьянма жағалауында 500-ден астам адам із-түзсіз жоғалып кетті

Мьянма жағалауында екі қайықпен сапарға шыққан 500-ден астам адам із-түзсіз жоғалып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, су көліктері суға батып кеткен болуы мүмкін. Бұл туралы БҰҰ баспасөзі хабарлады.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, екі қайық та маусым айының соңында Мьянманың Ракхайн штатынан жолға шыққан. Жолаушылардың басым бөлігін рохинджа халқының өкілдері мен Бангладештен келген босқындар құраған.

Болжам бойынша, шамамен 250 адам мінген алғашқы қайықпен байланыс жолға шыққаннан кейін көп ұзамай үзілген. Ал екінші қайықта шамамен 280 адам болған. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, ол Мьянманың Айеявади өңірі жағалауында суға батып кеткен болуы мүмкін.

Әзірге қайықтардың суға батқаны туралы ресми ақпарат жоқ. Алайда бұл мәлімет расталса, жыл басынан бері Андаман теңізі мен Бенгал шығанағында із-түзсіз жоғалған немесе қаза тапқан адамдар саны күрт артады.

Қазір Халықаралық көші-қон ұйымы мен БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы ұлттық билік органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Негізгі мақсат – босқындарды, мигранттар мен азаматтығы жоқ адамдарды қорғауды күшейтіп, олар үшін ұзақ мерзімді шешімдер әзірлеу. Бұл шаралар негізгі көші-қон бағыттарын, соның ішінде Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияны қамтиды.

Еске салайық Мьянмада алаяқпен күрес операциясы барысына 10 мыңға жуық шетел азаматы ұстаған болатын. Олардың арасында Қазақстан азаматтары да болуы мүмкін.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар