Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістан облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты

kz.kursiv.media

Түркістан облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты

Түркістан облысында екі көліктің қақтысуының салдарынан жеті адамның өмірін жалмаған сұмдық жол апаты болды.

Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry мен Volkswagen Passat көліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеті адам сол жерде көз жұмды.

Полицияның мәліметінше, Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы Шаян – Екпінді тасжолында болған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта апаттың мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайына сай қауіпсіз жылдамдықты таңдауға әрі рөлде барынша мұқият болуға шақырды.

Ал Маңғыстау соты төрт адамның өмірін қиған жол апаты ісі бойынша үкім шығарды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар