Қазақстан сиыр етін қайда экспорттайды
2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында Қазақстан 7,99 мың тонна салқындатылған сиыр етін экспорттап, одан 56,7 млн доллар табыс тапқан.
Экспорт құрылымына қарасақ, Қазақстанның бұл өнімді сататын негізгі нарығы – Өзбекстан. TradeReport мәліметінше елге жөнелтіленн өнімнің шамамен 91%-ы осы мемлекетке тиесілі. Бұл Қазақстанның салқындатылған сиыр еті экспорты көрші Орталық Азия нарығына қатты тәуелді екенін көрсетеді.
Екінші орында Тәжікстан тұр. Бұл елге 4,9 млн доллардың немесе 717 тонна өнім экспортталған. Ал Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) небәрі 160 мың долларлық (9 тонна) өнім жөнелтілген. Яғни, қазіргі таңда экспорт географиясы өте тар, негізгі жеткізілімдер көрші елдерге бағытталған.
Қазақстан ішіндегі өңірлерге келсек, абсолютті көшбасшы – Түркістан облысы. Өңір бес айда 41,8 млн доллардың (5 866 тонна) өнімін экспорттап, республикадағы жалпы экспорттың 73,6%-ын қамтамасыз еткен.
Екінші орында Қостанай облысы – 10,5 млн доллар (1 460 тонна), ал үшінші орында Батыс Қазақстан облысы – 4,3 млн доллар (654 тонна).
Қалған өңірлердің үлесі өте аз. Абай облысы небәрі 120 мың доллар, ал Ақмола облысы 40 мың доллар көлемінде экспорт жасаған.
Жалпы алғанда, салқындатылған сиыр еті экспорты әрі елдер бойынша, әрі өңірлер бойынша жоғары деңгейде шоғырланған. Бір жағынан экспорттың басым бөлігі Өзбекстанға тәуелді болса, екінші жағынан негізгі жеткізуші ретінде Түркістан облысы айқын көш бастап тұр.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 16
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
17 шілде 2026