"Семей орманындағы" өрт оқшауланды
«Семей орманы» аумағында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Экология министрлігі ашық жалынның ауыздықталғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 769 адам, 191 бірлік жерүсті техникасы және 8 тікұшақ жұмылдырылды.
«Барлық қызметтердің үйлесімді әрі жедел іс-қимылының нәтижесінде өрттің ашық жануы тоқтатылып, қазіргі уақытта жекелеген түтіндеу ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады министрлік.
Мәліметінше, түнгі уақытта жеке құрам өртті толық оқшаулау бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастырды
Өртті сөндіру басталған сәттен бастап әуе техникасымен жалпы 219 рет су төгіліп, өрт ошағына 474 тонна су жеткізілді.
Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай тұрақты бақылауда.
«Семей орманы» орман алқабындағы өрт 16 шілде күні басталған. «DosBolLike» балалар лагерінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлері алдын ала эвакуацияланды.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Абай облысына ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов пен Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев аттанды.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Шілде, 16
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
17 шілде 2026