Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Солтүстік Арал теңізіне 1,4 млрд текше метр су жіберілді

kz.kursiv.media

Солтүстік Арал теңізіне 1,4 млрд текше метр су жіберілді

Солтүстік Арал теңізіндегі су көлемі алдағы жылдары 34 млрд текше метрге дейін ұлғайтылмақ. Ол үшін Көкарал бөгеті қайта жаңғыртылып, теңізді сумен толықтыруға бағытталған жаңа жоба іске асырылады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Арал ауданындағы балықшылармен кездесіп, Солтүстік Арал теңізін сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Министрдің сөзінше, қазір Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Аралды сақтауға арналған жобаның екінші кезеңі әзірленіп жатыр.

«Көкарал бөгетін реконструкциялау теңіздегі су деңгейін көтеріп, су көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 2030 жылға дейін Солтүстік Аралдағы су көлемін 34 млрд текше метрге жеткізу жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр», – деді Нұржан Нұржігітов.

Министрліктің мәліметінше, 2025 жылғы 1 қазаннан бері Сырдария арқылы Солтүстік Арал теңізіне 1,4 млрд текше метр су жіберілген. Қазір теңіздегі су көлемі 23,5 млрд текше метрді құрайды. Соның нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда судың тұздылығы орта есеппен 10%-ға төмендеп, 7,9 промиллеге жеткен.

Биылғы жылдың алғашқы алты айында Солтүстік Аралдан 4,2 мың тонна балық ауланған.

Айта кетейік Солтүстік Арал теңізін сақтау жобасының екінші кезеңі аяқталды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар