Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әйелін қапқан итті ұрып өлтірген ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

kz.kursiv.media

Әйелін қапқан итті ұрып өлтірген ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облысы Жақсы ауданында аулада жүрген ит бір әйелге шабуыл жасаған. Содан кейін жәбірленушінің күйеуі оны ұрып өлтірген.

Halyqstan ақпаратына қарағанда, оқиға былай өрбіген. 12 шілде күні кешке ауыл тұрғындарының бірі танысының үйіне барған. Сол сәтте шынжырға байлаулы тұрған ит босап кетіп, әйелдің аяғын тістеп алған.

Алайда жәбірленушінің күйеуі ит иесін заң аясында жауапқа тартудың орнына, өз бетінше әрекет еткен. Ол ит тұрған аулаға барып, жануарды аяусыз ұрып-соққан. Ит сол жерде тіл тартай кеткен.

Осы оқиғаға байланысты Ақмола облысының полицейлері «жануарға қатыгездікпен қарау салдарынан оның өліміне әкеп соққан әрекет» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция жануарлардың шабуылына қатысты кез келген дау-дамай тек заң аясында шешілуі тиіс екенін еске салды.

Ал СҚО-да құтырған ит иесін қапқаннан кейін ауылға шектеу енгізілген болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар