Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

kz.kursiv.media

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шектеу 11 тамыз сағат 23:00-ден 15 тамыз сағат 23:00-ге дейін қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі аралықта енгізіледі. Бұл учаскеде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады, яғни жол толық жабылмайды.

Жүргізушілерге жолдағы жылдамдық режимін сақтап, уақытша орнатылған жол белгілерінің талаптарын орындау ұсынылды.

Жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі ауа райы жағдайы мен өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін.

Көлік қозғалысына енгізілетін шектеулер туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карталар» сервистерінде жарияланады.

Айта кететін жайт, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполисте құрылыс жүргізу кезінде тұрғындарға қолайсыздық жасамауды тапсырды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар