Қазақстанда мемлекеттік көмек алушыларды жасанды интеллект анықтайды
Қазақстанда азаматтарға берілетін мемлекеттік көмекті жасанды интеллект анықтайды. Жаңа жүйе адамның әлеуметтік жағдайы мен көмекке қаншалықты мұқтаж екенін ескеріп, қолдау шараларын тағайындауға ұсыныс жасайды. Тетікті 2026 жылғы қазанда іске қосу жоспарланып отыр.
Тиісті жоспарды Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, жаңа тетік Әлеуметтік қолдаудың бірыңғай цифрлық платформасында жұмыс істейді. Қазірдің өзінде қазақстандықтар бұл платформа арқылы әкімдіктер ұсынатын мемлекеттік қолдаудың 13 түрін ала алады.
Министрдің айтуынша, тамыз айынан бастап әкімдіктер көрсететін біржолғы мемлекеттік қолдау шаралары, соның ішінде мерекелік және атаулы күндерге берілетін төлемдер жасанды интеллект көмегімен тағайындалады.
«Жүйе алдымен төлем алушыларды анықтап, тағайындау туралы шешімнің жобасын қалыптастырады. Ал төлем жасау туралы түпкілікті шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды. Қыркүйек айында өтініштерді eGov Mobile арқылы беру мүмкіндігін іске қосу жоспарланып отыр. Ал қазанда мемлекеттік қолдау шараларын олардың атаулылығы мен азаматтардың мұқтаждық деңгейін ескере отырып, нысаналы түрде тағайындау үшін жасанды интеллектіні енгізу жоспарлануда», – деді Ертаев үкімет отыоысында.
Айта кетейік, маусым айынан бастап азаматтар қажетті құжаттарды өздері жинап, мемлекеттік органдарға бармай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын ала алады.
«Енді бір ғана өтініш беру жеткілікті: қажетті мәліметтерді платформа мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Одан кейін шешім қабылданып, төлем жасалады», – деп түсіндірді министр.
Қазір платформа арқылы әлеуметтік көмектің мына 13 түрін алуға болады:
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 10
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
11 тамыз 2026