Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қызылорда облысында Түркістан шаруалары өсірген қызанақты өңдейтін зауыт ашылады

kz.kursiv.media

Қызылорда облысында Түркістан шаруалары өсірген қызанақты өңдейтін зауыт ашылады

Қызылорда облысында қызанақ пастасын өндіретін кәсіпорын іске қосылмақ. Оған Түркістан облысының шаруалары өсірген қызанақтар шикізат ретінде пайдаланылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Бұл ретте Alpecon Group компаниясы кәсіпорынды жаңғыртуға 2,3 млрд теңге инвестиция салуды көздеп отыр.

Ал ATMO AGRO компаниясы өндірістік нысандарын сатып алып, технологиялық жабдықтарды жаңарту, өндірістік және қосалқы нысандарды жөндеу, сондай-ақ арнайы техника сатып алмақ. Кәсіпорын жаңғыртылғаннан кейін тәулігіне 600 тоннаға дейін қызанақ өңдей алады.

Кәсіпорынды қажетті шикізатпен тұрақты қамтамасыз ету үшін инвестор қызанақ өсіруге арналған шамамен 2 300 гектар суармалы жерді игеруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен шикізат сатып алынбақ.

Alpecon Group – 2024 жылы құрылған жаңа компания. Оның қожайындары – Самат Балабеков (сонымен қатар компанияның бас директоры) пен «Capital NS» фирмасы. Ал «Capital NS» компаниясы Ерғали Досжанов пен Жанаргүл Жақыповаға тиесілі.

Бұл компания бұған дейін Алматы облысынжа жеміс-жидек өңдейтін зауыт ашқан. Зауыт құрылысына жалпы 9,5 млрд теңге жұмсалса, сосың 7,1 млрд теңгесі – үкіметтің арзан қаржысы. Бұл ақшаны «Қазақстанның Даму банкі» төмен пайызбен несиеге берген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар