Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістан облысынан жарты жылда 20 мың адам көшіп кеткен

kz.kursiv.media

Түркістан облысынан жарты жылда 20 мың адам көшіп кеткен

2026 жылдың алғашқы алты айында Түркістан облысынан 57,6 мың адам басқа өңірлерге көшіп кеткен. Оның орнына 38 мыңға жуық адам ғана келген. Нәтижесінде облыс көші-қон есебінен 19,6 мың адамға азайып, Қазақстандағы ең үлкен теріс көрсеткішті тіркеді. Ал осы уақытта Астана мен Алматы, керісінше, ел ішіндегі көштің басты бағытына айналған.

Түркістандағы көші-қон шығыны басқа өңірлермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Екінші орында тұрған Жамбыл облысында кеткендер келгендерден 9 180 адамға көп. Жетісу облысында теріс сальдо 5 704 адам, Қызылорда облысында 5 287 адам болды.

Абай облысы да жарты жылда көші-қон есебінен 3 936 адамға азайған.

Жалпы 20 өңірдің 15-інде көші-қон сальдосы теріс болды. Яғни ел ішіндегі халық қозғалысы бірнеше ірі орталыққа қарай шоғырланып отыр.

Көші-қонның екінші жағында Астана тұр. Қаңтар–маусым аралығында елордаға басқа өңірлерден 89 853 адам келіп, 57 188 адам кеткен. Таза өсім – 32 665 адам.

Алматы қаласы да халық тартуды жалғастырды: қалаға 80 672 адам келіп, 65 182 адам кеткен. Нәтижесінде көші-қон өсімі 15 490 адамға жетті.

Оң сальдо Шымкентте +6 477 адам, Алматы облысында +6 312 адам, Ақмола облысында +2 576 адам болды.

Осылайша, 2026 жылдың алғашқы жартысында Қазақстандағы өңіраралық көші-қонның негізгі «магниттері» Астана, Алматы және Шымкент қалалары болып қалды. Ал Түркістан облысы, керісінше, басқа өңірлерге ең көп халық жіберген аймаққа айналды.

Айта кетейік, өңіраралық көші-қонда республика бойынша келгендер мен кеткендердің жалпы саны бірдей – 436 255 адам. Сондықтан бұл көрсеткіш елден кетуді емес, Қазақстан ішіндегі халықтың бір өңірден екіншісіне қоныс аударуын көрсетеді.

Тағы да оқыңыз: Қазақстанда қалаға көшу тренді қалыптасты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар