Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте биыл 15 964 адам тұрақты жұмысқа орналасқан

kz.kursiv.media

Шымкентте биыл 15 964 адам тұрақты жұмысқа орналасқан

Шымкент қаласында 2026 жылы 31 398 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарып отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпаратына қарағанда, жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 24 731 адам қамтылып, жоспар 78,8%-ға орындалды.

Оның ішінде 15 964 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 2 440 адам уақытша жұмыс орындарына тартылды. Сонымен қатар, 6 327 адам онлайн платформа арқылы кәсіби білім алуға жолданды.

«Еңбек мобильділігі орталығы арқылы 15 302 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Кәсіби білім беру бағытында 3 660 адамды оқуға жолдау жоспарланғанымен, нақты 3 785 адам білім алуға жіберілді. Нәтижесінде жоспар 103,4%-ға орындалды», – делінген әкімдіктің ақпаратында.

Кәсіпкерлікті дамыту бағытында 2 530 адамға қолдау көрсету жоспарланып, нақты 2 645 азаматқа қолдау көрсетіліп, 104,5 пайызға орындалды.

«Бастау Бизнес» жобасы аясында 2 130 адамды кәсіпкерлік негіздерге оқыту жоспарланса, нақты 2 542 адам оқуға тіркелді. Көрсеткіш 119,3%-ды құрады.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің дерегінше, 400 азаматқа қайтарымсыз грант беру жоспарланып, бүгінгі таңда 103 адам грант иеленді. Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 2 336 адам жұмысқа жолданды.

Қазіргі таңда 6 535 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Шымкент қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары және жеке бастамалар аясында биыл 9 446 жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның 9 086-сы тұрақты, 360-ы уақытша жұмыс орындары. Бүгінде 9 429 адам жұмысқа орналасып, жоспар 99,8%-ға орындалды.

Айта кететін жайт, InDrive басшысы әрі негізін қалаушы Арсен Томский жасанды интеллект пен роботизацияның жедел дамуы жаппай жұмыссыздыққа әкеліп соғуы мүмкін деп есептейді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар