Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Отбасы банк басшысы баспана кезегін заңсыз өзгерткендерге қатысты пікір білдірді

kz.kursiv.media

Отбасы банк басшысы баспана кезегін заңсыз өзгерткендерге қатысты пікір білдірді

Отбасы банктің екі қызметкері клиентке тұрғын үй кезегінде заңсыз артықшылық бергені үшін жұмыстан шығарылды. Олар клиенттің санатын өзгертіп, жеңілдігі бар бағдарламаға қатысуына мүмкіндік жасаған. Бұл туралы банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

Ибрагимованың айтуынша, заң бұзушылық 2025 жылдың сәуір-мамыр айларында болған. Тұрғын үй кезегінде тұрған клиенттің санаты «мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар» санатына ауыстырылған.

Осылайша, клиент тұрғын үйді жеңілдетілген шарттармен алуға мүмкіндік алған.

Банк жүргізген тексерістен кейін екі қызметкермен еңбек шарты бұзылды. Оның бірі банктің өңірлік филиалында, екіншісі орталық аппаратта бизнес-талдаушы болып жұмыс істеген.

Анықталған деректер бойынша банк құқық қорғау органдарына жүгінген. Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Банк басшысының айтуынша, бұл жағдай қызметкерлердің әрекетін бақылауды күшейту қажеттігін көрсеткен.

«Бұл біз үшін үлкен сабақ болды. Цифрландыру барысында бақылау жұмыстарын күшейту қажет. Өйткені цифрлық жүйелерде кімнің, қандай логинмен кіргені және не істегені туралы барлық ақпарат сақталады», – деді ол.

Бұл ретте заңсыз схема арқылы берілмек болған тұрғын үйді рәсімдеу процесі мәміле аяқталғанға дейін тоқтатылды.

«Несие шартын рәсімдеу кезеңінде бөлінген пәтер бойынша барлық рәсімді тоқтатып, оны қайтарып алдық. Кейін бұл пәтер қайтадан тұрғын үйді бөлу процесіне қатысты», – деді Ибрагимова.

Отбасы банк басшысы қаржы ұйымы сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа мүлдем төзбеу қағидатын ұстанатынын атап өтті. Алайда ол болашақта қызметкерлер арасында мұндай жағдайлардың мүлдем болмайтынына толық кепілдік бере алмайтынын айтты.

«Мен сізге қызмет көрсетіп отырған адамның өз қызметі үшін қандай да бір ақша сұрамайтынына жеке өзім кепілдік бере алмаймын. Бірақ мұндай жағдайға тап болсаңыз, банк міндетті түрде қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілердің барлығы жауапқа тартылатынына кепілдік бере аламын», – деді Ибрагимова.

Оның айтуынша, Отбасы банкте әрбір заң бұзушылық анықталғаннан кейін сол жағдайға әкелген жұмыс процесі қайта қаралады. Мұндағы мақсат – құқық бұзушылықтың қалай жасалғанын анықтап, оның қайталану қаупін азайту үшін қандай өзгерістер қажет екенін белгілеу.

Банкте мұндай тәуекелдердің алдын алудың негізгі тәсілдерінің бірі ретінде үдерістерді одан әрі автоматтандыруды қарастырып отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар