Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қыркүйекте теңге бағамы қандай болмақ: нарық өкілдерінің болжамы

kz.kursiv.media

Қыркүйекте теңге бағамы қандай болмақ: нарық өкілдерінің болжамы

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) тамыз айындағы сауалнамасына қатысқан сарапшылар ұлттық валюта бағамына қатысты болжамын жақсартты. Оған Ұлттық банктің валюта сатуы мен шикізат экспорттайтын компаниялардың доллармен алған түсімін теңгеге айырбастауы себеп.

Сондай-ақ ірі компаниялардың кезекті салық төлеу кезеңі де теңгені нығайтты. Нәтижесінде, қыркүйек басында доллар 480,2 теңге болады деп күтіледі. Ал бір жылдан кейін бағам 512,2 теңге деңгейінде қалыптасады.

Бағам болжамының жақсаруы инфляция рискінің төмендеуімен тығыз байланысты. Алдағы 12 айда инфляция 10,4%-дан 10,1%-ға дейін баяулайды.

Шілдеде баға өсімінің қарқыны бәсеңдей түсті. Айлық инфляция 0,8%-дан 0,6%-ға төмендеді. Жылдық көрсеткіш 10,3%-дан 10,2%-ға түсті. Теңгенің нығаюы мен тұтыну сұранысының азаюы да бұған оң әсер етті. Осы факторлар ақша-несие саясатын біртіндеп жұмсартуға мүмкіндік береді.

Қатаң ақшанесие саясаты сәл жұмсарда да, нақты мөлшерлеме тез төмендемейді. Саауалнамаға қатысқандардың 60 пайызы Ұлттық банкт 4 қыркүйектегі отырысында базалыұ мөлшерлемені 16,50%-ға дейін түсіреді деп есептейді. Ал 28%-ы оны 16,75% деңгейінде сақтауды деген пікірде. 12%-ы мөлшерлеме өсуі де мүмкін деп санайды.

Шілдедегі шешімінде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендеткен.

Қаржы шартының жұмсаруы іскерлік белсенділікті арттырады. Инфрақұрылым жобалары мен мұнай өндірісінің қалыпқа келуі экономикаға дем береді. Өңдеу өнеркәсібінде де жаңа қуаттар іске қосылады. Осыған байланысты алдағы 12 айда ЖӨӨ өсімі 4,6%-дан 4,7%-ға дейін жақсарды.

Шикізат нарығында да өзгерістер бар. Сарапшылар Brent мұнайын бір жылдан кейін барреліне 77,3 доллар деңгейінде көреді. Бұл қазіргі 84 доллардан төмен. Таяу Шығыстағы жағдайдың реттелу ықтималдығы бағаны арзандатады. Дегенмен, Ормуз бұғазындағы тасымал тәуекелдері мұнайдың одан әрі арзандауына жол бермейді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар