Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сирия соты экс-президент Башар Асадты өлім жазасына кесті

kz.kursiv.media

Сирия соты экс-президент Башар Асадты өлім жазасына кесті

11 тамызында Сирия соты елдің бұрынғы президенті Башар Асадты сырттай өлім жазасына кесті. Экс-президент Ресейде бас сауғалап жүр.

Сирияның Төртінші қылмыстық соты Башар Асадты адамзатқа қарсы қылмыстар, әскери қылмыстар және жазықсыз адамдарды қасақана өлтіру айыптары бойынша кінәлі деп тапты. Үкім сейсенбі күні оқылды.

Сот барысында экс-президенттің бірнеше қылмысы қаралды. Оған жазықсыз тұрғындарды, сонымен бірге балаларды әдейі нысанаға алып, жаппай қыру айыбы тағылды. Бұған қоса, Асадты түрмелердегі тұтқындарды жаппай қинауды ұйымдастырды деп айыптады. Саясаткердің мыңдаған азаматты сотсыз және тергеусіз ұзақ уақыт бойы бас бостандығынан айырғаны да айтылды. Оның саяси жүйені сақтап қалу үшін бейбіт халыққа қарсы әскери күш, соның ішінде ауыр қару-жарақ қолданғаны ескерілді.

Сот төрағасы Фахр ад-Дин әл-Арьян осы қылмыстардың бәрін «ерекше ауыр және сұмдық» деп сипаттап, ең жоғарғы жаза – өлім жазасын кесуге негіз болғанын мәлімдеді.

Башар Асадтың өзі сотқа қатысқан жоқ. Ол қазір Ресейде тұрады. Экс-президент 2024 жылғы желтоқсанда отбасымен бірге Мәскеуге қашып кеткен. Ол ұшақпен екі тонна ақша алып кеткен.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар