Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Әрекетін басқара алған": Сарапшы Шерхан Аймаханның психикалық жағдайы туралы айтты

kz.kursiv.media

Әрекетін басқара алған: Сарапшы Шерхан Аймаханның психикалық жағдайы туралы айтты

Бүгін Шымкенттің мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрай Серікбай өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Тергеу кезінде сот-психиатриялық сараптамасын жүргізген мамандар Шерхан Аймаханның психикалық жағдайына қатысты түсініктеме берді.

Бұған дейінгі сот отырысы кезінде сотталушы қылмыс жасаған сәтте » есінен танып, аффект күйінде болғанын» айтқан. Оның негізгі қорғаныш линиясы да осы еді. Бірақ сот процесінде жауап берген мамандар пікірі Шерхан Аймаханның жауабына қарама-қайшы болды.

Алғашқы болып Алматы қаласы бойынша сот-сараптамалық институтының психиатры Темірлан Сейітбек жауап берді. Тергеушілер оған Шерхан Аймаханнан тергеу алғаннан кейінгі видео материалдарды берген. Соларды қарап сотталушының психикалық жай-күйіне сараптама жүргізген. Оның сөзінше, Шерхан Аймаханның медициналық картасында F42.2 деген диагноз болған. Ол «аралас жабысқақ ойлар мен іс-әрекеттер» яғни обсессивті-компульсивті бұзылыс дегенді білдіреді.

«Бірақ аталған диагноз өзінің іс-әрекетіне есеп беруден айырмайды. Демек ол өзінің іс-әрекетін басқаруға, бағындыруға қабілетті болды», – деді Темірлан Сейітбек.

Прокурордың «сотталушы осындай психикалық бұзылыс белгілері бар бола тұра, әрекетін қылмыс ретінде ұғына алған ба» деген сұрағына «иә, ұғына алған» деп жауап қатты.

«Берілген сұрақтарға толыққанды жауап берді, ешқандай жаман ойлар психикалық бұзылыстар байқалған жоқ. Бейнебақылауды көрдік», – деп түсіндірді психиатр.

Маман сотталушыға қосымша ем керек емес екенін де атап өтті.

Отырысқа Алматы қаласы бойынша сот-сараптамалық институтының бас сарапшы психологы Қожамжарова Күләш та онлайн қатысып, жауап берді. Оның бағалауынша, қылмыс жасаған кезде Шерхан Аймахан аффект күйінде болмаған. Сотталушының әрекеттері аффект белгілеріне сай емес.

«Сотталушыдан нағыз аффект кезіндегідей санасының анық болмауы, интенсивті ширығып, кенеттен бойы буырқанып кететін белгілер анықталмады… Ол Нұраймен сөйлесіп тұрғаным есімде, басқасы есімде жоқ дейді. Бірнеше секундтан бірнеше минутқа созылатын аффект жағдайда үзік-үзік нәрселер есте қалады. Біздің жағдайымызда ондай болмады. Сондықтан аффект жоқ деген қорытындыға келдік», – дейді психолог Қожамжарова Күләш.

Бұған дейінгі сот отырысында медсарапшы да қатысқан. Ол марқұм Нұрай Серікбайдың 35 рет пышақталғанын, бірақ сонда тірі жатқанын атап өтті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар