Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда 17 жастағы қыз терезеден құлап қаза тапты: полиция тергеу бастады

kz.kursiv.media

Алматыда 17 жастағы қыз  терезеден құлап қаза тапты: полиция тергеу бастады

Алматыда көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға орын алды. 17 жастағы бойжеткен терезеден құлап, қаза тапты. Полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қайғылы оқиға Наурызбай ауданындағы «Алма сити» тұрғын үй кешенінде болған.

Қайтыс болған қыздың анасының айтуынша, бойжеткен құрбыларына қонаққа барған. Телефон арқылы сөйлесу кезінде анасы қыздардың ішімдік ішіп отырғанын біліп, қызына ұрысқан.

Анасымен сөйлескеннен кейін бойжеткен жігітіне хабарласып, өзін үйге алып кетуін өтінген. Жігіт тұрғын үй кешеніне жеткенімен, пәтерге көтеріліп үлгермей, бойжеткен терезеден құлап кеткен.

Алматы қалалық Полиция департаменті кәмелетке толмаған қыздың қаза болу фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша Наурызбай аудандық Полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мотиві мен мән-жайы анықталып жатыр» – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін осыған ұқсас жағдай болған еді. 22 жастағы Ақнәр Гүлстан Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінен жетінші қабатынан құлап, мерт болған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар