Тоқаев Республика күнімен құттықтаған әлем көшбасшыларына алғыс айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларына Қазақстанның Ұлттық мерекесіне орай жолдаған құттықтаулары үшін ризашылық білдірді.
«Республика күніне орай жолдаған риясыз құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін барлық мемлекеттер және үкіметтер басшыларына, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын. Егемен елімізге арнаған ізгі тілектеріңізді халқымыз ризашылықпен қабылдады», — деп жазды Президент Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.
Бұған дейін Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына шет елдердің президенттерінен, үкімет басшыларынан және халықаралық ұйымдар жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары толассыз келіп түскенін хабарланған болатын.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 қазан 2026