Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жаңбыр, тұман, көктайғақ: күзде көлік жүргізгенде нені ескеру керек

kz.kursiv.media

Жаңбыр, тұман, көктайғақ: күзде көлік жүргізгенде нені ескеру керек

Жаңбыр, тұман, дымқыл жапырақ пен таңғы көктайғақ жолдағы жағдайды күрделендіріп, жол-көлік оқиғасының қаупін арттырады. Мұндай кезде жылдамдықты азайтып, рөлді күрт бұрмау және көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау маңызды. ROSSKO компаниясының техникалық маманы Константин Ершов күзгі жолда жүргізушілер ескеруі керек негізгі қауіптерді атады.

Жаңбыр жауған кезде дөңгелектердің жолмен ілінісуі төмендейді. Егер шинаның протекторы тозған болса, дөңгелек астындағы суды толық ығыстыра алмай, көлік жол бетімен ілінісін жоғалтуы мүмкін. Бұл құбылыс көліктің суға тайғанап кетуі деп аталады.

Маман мұндай жағдайда ең бастысы – күрт тежеуден және рөлді шұғыл бұрудан аулақ болу екенін ескертеді.

«Ең бастысы, күрт тежеуге болмайды! Бұл көліктің жолдан ауытқуына немесе сырғанауына әкелуі мүмкін. Дөңгелектерді түзу ұстап, күрт бұрылыс пен маневр жасамау керек», – дейді Константин Ершов.

Оның кеңесі бойынша, жүргізуші рөлді нық ұстап, жылдамдықты біртіндеп азайтуы керек. Сонымен қатар көліктің бағытын барынша тұрақты сақтауға тырысқан жөн.

Күзде асфальтқа жиналған дымқыл жапырақтар да жолдың тайғақтығын арттырады. Мұндай учаскелерде шиналардың жолмен ілінісуі төмендейтіндіктен, жылдамдықты алдын ала азайтып, рөлді күрт бұрмау қажет.

Таңертең жол бетінде жұқа мұз қабаты пайда болуы да мүмкін. Әсіресе түнгі температура төмендегеннен кейін көпірлер мен ашық учаскелерде сақ болған жөн.

Маман үлкен шалшықтарды айналып өтуді ұсынады. Өйткені судың астында шұңқыр, ашық кәріз құдығы немесе басқа кедергілер болуы мүмкін. Шалшыққа жоғары жылдамдықпен түсу көлікті басқаруды қиындатып қана қоймай, аспа жүйесін зақымдауы ықтимал.

Күзде күн қысқарып, жүргізушілердің көбі қараңғыда немесе алакөлеңкеде жол жүреді. Қара түсті киім киген, жарық шағылыстыратын элементтері жоқ жаяу жүргіншілерді байқау қиын болуы мүмкін.

Сондықтан жаяу жүргіншілер өткелдеріне, қоғамдық көлік аялдамаларына және қиылыстарға жақындағанда жылдамдықты азайтып, жолдың екі жағын мұқият бақылау қажет.

Ал жаяу жүргіншілерге жарық шағылыстыратын элементтері бар киім киіп, жолды тек арнайы белгіленген әрі жарықтандырылған жерлерден кесіп өту ұсынылады.

Маман тасжолда амалсыз тоқтаған кезде көлікті жол жиегіне қалдырмауға кеңес береді. Арттан келе жатқан жүргізуші, әсіресе қараңғыда, тоқтап тұрған көлікті кеш байқап қалуы мүмкін. Бұған қоса, ылғалды топыраққа батқан дөңгелек көліктің тұрып қалуына әкелуі ықтимал.

«Бірнеше шақырым артық жүріп, жолдан тарайтын қосалқы жолға бұрылған дұрыс. Сондай-ақ жарық шағылыстыратын кеудешені киюді ұмытпаңыз. Ол шынымен де өміріңізді сақтап қалуы мүмкін», – дейді Константин Ершов.

Маманның кеңестеріне сүйенсек, күзгі жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жылдамдықты ауа райына бейімдеп, көліктің техникалық жағдайын бақылап, кез келген маневрді алдын ала жоспарлау маңызды.

Тағы да оқыңыз: Көлікті күзде қалай дайындау керек – маман кеңесі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар