Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жапонияның танымал жазушысы Рю Мураками дүниеден өтті

kz.kursiv.media

Жапонияның танымал жазушысы Рю Мураками дүниеден өтті

Жапонияның белгілі жазушысы Рю (Рюноскэ) Мураками 74 жасында өмірден өтті. 40-тан астам романның авторы атанған қаламгердің қазасы туралы Gentosha баспа үйі хабарлады, деп жазады Kursiv Media.

Баспа үйінің мәліметінше, жазушы 2026 жылдың 17 қазанында дүние салған. Қоштасу рәсімі оның жақындары мен отбасының қатысуымен өтті. Марқұмның туыстары олардың жеке өміріне құрметпен қарауды, гүлдер, ақшалай қайырымдылық пен көңіл айту хаттарын жібермеуді, сонымен бірге БАҚ өкілдерінен сұхбат алып мазаламауды сұрайды.

Рю Мураками 1952 жылы Нагасакиде дүниеге келген. Оның 1976 жылы жарық көрген «Все оттенки голубого» атты дебюттік романы Акутагава атындағы беделді әдеби сыйлықты жеңіп алды. Көп ұзамай бұл шығарма 3,5 миллион дана тиражпен тарап, әдеби феноменге айналды.

Жазушының ең танымал туындыларының қатарында «Дети из камеры хранения» , «Мисо-суп» және «Все оттенки голубого» бар.

Рю Мураками өзін режиссурада да сынап көрген. Жасөспірімдерге арнап «13 жастағыларға арналған Халоуорк» кәсіби бағдар беру нұсқаулығын жазды.

Сонымен қатар ол 20 жыл бойы «Камбрий сарайы» атты экономикалық телебағдарламаны жүргізіп, қоғамдық өмірге белсене қатысты.

Соңғы жылдары оның кейбір шығармаларына қатысты шектеулер енгізілген. 2025 жылдың қыркүйегінде Беларусьте жазушының «Все оттенки голубого» және «Караоке» романдарын таратуға тыйым салынған. Ал Ресей «Караоке» романын есірткі заттары туралы ақпарат камтыған кітаптар тізіміне енгізді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар