Машиналарға адамдарды өлтіруге мүмкіндік береміз бе? – БҰҰ өкілі
БҰҰ әскери салада жасанды интеллекттің қолдануына алаңдаушылық білдірді, деп жазады Kursiv.Media.
БҰҰ-ның Қарусыздану мәселелерін зерттеу институтының (UNIDIR) директоры Робин Гейсс әскери операцияларда жасанды интеллектінің (ЖИ) кеңінен қолданылуы адам шешімінің рөлін жылдам төмендетіп жатқанын ескертті.
БҰҰ штаб-пәтеріндегі брифингте ол: «Машиналарға адамдарды нысанаға алып, өлтіруге мүмкіндік береміз бе?» деген сауал қойды. БҰҰ Бас хатшысы да адам бақылауынсыз өлімге әкелетін қару қолдануды «моральдық қызыл сызықтан» аттау деп бірнеше рет ескерткен.
Жасанды интеллект әскери барлау деректерін талдау, нысаналарды анықтау, дрондарды басқару және кибершабуылдарды ұйымдастыру сияқты міндеттерде жиі қолданылады. Бұл адам қатысуының, тіпті ядролық саладағы шешім қабылдаудың да азаюына әкеліп отыр.
«ЖИ ұрыс қимылдарын жеделдетіп, нысананы анықтау мен жою арасындағы уақытты қысқартады. Алайда мұндай жүйелердің жұмыс істеу тетіктері көбіне түсініксіз болғандықтан, қателік пен күтпеген әскери шиеленіс қаупі артады. Сонымен қатар ЖИ құралдарының қолжетімді болуы мемлекеттік емес қарулы топтарға да күрделі операциялар жүргізуді жеңілдетуі мүмкін», – делінген ақпаратта.
Гейсстің айтуынша, геосаяси бәсекелестік әскери саладағы ЖИ-ді реттеуге кедергі келтіргенімен, оның қауіптері жөніндегі алаңдаушылық әлемдік державалар арасында да күшейіп келеді.
Мысалы, қыркүйекте АҚШ Қытайға ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін ЖИ-ге қатысты оқиғалар туралы өзара ескерту тетігін құруды ұсынған.
Айта кететін жайт, НАТО Ресейдің шабуылына тойтарыс беретін стратегия жасап шықты. 32 мүше ел мақұлдаған стратегия дәстүрлі қару-жарақ пен құрлық әскерлерін жасанды интеллект, дрондар және оларға қарсы жүйелер сияқты озық технологиялармен ұштастырады. Құжатта Украинадағы және Таяу Шығыстағы қазіргі соғыстардың тәжірибесі де ескерілген.
- Соңғы
- Қазан, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қазан 2026