Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Құны 180 млн теңге болатын киіктің мүйізі Қытайға сатылмақ болған

kz.kursiv.media

Құны 180 млн теңге болатын киіктің мүйізі Қытайға сатылмақ болған

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық орталығында 620 дана киік мүйізін Қытайға заңсыз өткізбек болғандар ұсталды. Тәркіленген дериваттардың қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды Kursiv Media.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекарада құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда.Атап айтқанда, 2026 жылғы 20 қазанда «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында шекарашылар Қытай Халық Республикасына 620 дана киік мүйізін заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.Тәркіленген дериваттың қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңгені құрауы мүмкін.Осы фактіге қатысты материалдар – процестік шешім қабылдануы үшін тергеу бағыты бойынша құзыретті органға беріледі.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Қазақстанда 4 тамыздан бастап киік мүйіздері электронды аукцион арқылы сатыла бастады. Аукциондарға тек лицензиясы бар фармацевтикалық компаниялар қатыса алады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар