АҚШ Сауд Арабиясындағы елшілік қызметкерлерін эвакуациялауда
АҚШ Мемлекеттік департаменті хуситтердің шабуылдарына байланысты Сауд Арабиясынан штаттан тыс мемлекеттік қызметшілері мен олардың отбасы мүшелерін елден алып кету туралы өкім шығарды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
The Hill ақпаратына сүйенсек, жаңа жарлық хуситтердің Сауд Арабиясы қолдайтын Йемен үкіметіне қарсы соғысы аясында шықты.
Хуситтер Сауд Арабиясы аумағындағы инфрақұрылымдарға, соның ішінде азаматтық әуежайлар мен басқа да маңызды нысандарға соққы беріп жатыр. Бұл бейбіт тұрғындар арасында адам шығынына әкелуде.
Сәрсенбі күні АҚШ-тың Сауд Арабиясындағы елшілігі хуситтер тарапынан болуы мүмкін жаңа шабуылдарға байланысты қауіпсіздік ескертуін жариялады.
19 қыркүйекте Сауд Арабиясы бастаған әскери коалиция хуситтердің Эр-Риядқа баллистикалық зымыран ұшырмақ болғанын хабарлаған. Коалиция өкілі Турки әл-Маликидің айтуынша, зымыран әуеде ұсталып, жойылған.
Соңғы апталарда хуситтер Қызыл теңіз жағалауындағы аумақтарды бақылауға алуға да күш салып жатыр. Аймақтағы қақтығыстар халықаралық теңіз саудасына қауіп төндіріп отыр.
- Соңғы
- Қазан, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қазан 2026